Кафедра күніне арналған іс-шара

2017 жылдың 26 ақпаны күні Қазақстан полициясының 25 жылдығы, Қостанай академиясының 45 жылдығын, педагогика және психология кафедрасының 10 жылдығы сонымен қатар кафедра күнін атап өтуге байланысты педагогика және психология кафедрасының оқытушыларымен кафедрада «Караоке-шоу» ұйымдастырылды.

Аталып отырған сайысқа «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып жатқан 1, 2 және 3 курс курсанттары қатысты. Әділқазылар мүшелеріне тоқталатын болсақ: кафедра бастығы полиция подполковнигі Таукенова А.М., кафедра профессоры полиция полковнигі Ильина Т.А., кафедра доценті полиция майоры Симонов С.В.

Командалық сайыс болғандықтан 1 курс курсанттарының тобы «SuperStar», 2 курс курсанттарының тобы «Gangnam Style», ал 3 курс курсанттарының тобы «Black Star Mafia» — деп 3 топқа бөлінді. Шоу 3 турдан тұрды. 1-ші тур ережесі бойынша: әр команда топ капитанын сайлап өздерінің таңдауларына байланысты әуен таңдаулары қажет, 2-ші тур «Караоке-Киллер» бұл турдың ерекшелігі түрлі кедергілерге мойын ұсынбай өлеңді басынан аяғына дейін орындап шығу және 3-ші турда жребий бойынша әуен таңдалынып орындау жоспарланған болатын.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында қатысушылардың орындау шеберлігі (вокал), сахнада өзін-өзі ұстау шеберлігі және қатысушылардың шығармашылығы сияқты жақтары ескеріліп жеңімпаз топты анықтау барысында есепке алынды. Сайысқа қатысушы топтардың барлығы сүрінбей өтіп сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды 3 курс курсанттары, 2-ші орынды 2 курс және 3-ші орынды 1 курс курсанттары иеленді.

Қатысушы курсанттарға кураторлар тарапынан, атап айтсақ Б.Т.Абдыкалыков, Е.С. Федотова, Ж.Ә. Сабырбеков және Н.Ж. Турсумбаевамен қолдау көрсетілді. Кафедра оқытушысы, полиция аға лейтенанты Турсумбаева Н.Ж. осы іс-шараның авторы ретінде жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізді. Мұндай іс-шаралар курсанттардың ойлау, даму қабілеттіліктерін арттырып курсанттарды ұжым болып бірігіп жұмыс жасауға талпындырады.

ПжП кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры

Б. Абдыкалыков