Наиб имаммен келелі кездесу

Біздің елімізде діни түйіткілді мәселелердің шешімі қашанда парасаттылықпен, біліммен, толыққанды, дұрыс ақпарат берілумен шешілген. Еліміз егемендігін алғаннан соң саңырау құлақтай қаптап мысықтілеулес салафидтер мен вахабидтер сияқты үй ішінен үй тіккісі келетін теріс пиғылды діни ағымдардың іс-әрекеттері еліміздің тәуелсіздігіне, діни тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздігімізге және бірлігімізге қауіпті екені баршаға аян.

01_06_1

Міне, осыған орай, елімізде білікті заңгерлерді және құқық қорғау органының қызметкерлерін даярлайтын оқу орны ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарымен «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінің аға оқытушысы әрі мешіттің Бас имамы Құрмет Смағұлов мырзамен, Қостанай облыстық мешітінің Наиб имамы Сейіт қажы Темірбекұлымен  және Академиямыздың әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы Тойматаев Дәурен Болатұлы секілді  мамандардың қатысуымен келелі кездесу өтті. Кездесуге діни терроризм мен экстремизмнің бет-пердесі, теріс пиғылды діни ағымдардың шығу тарихы, олардың көздеген мақсаттары, ағымдардың алдын алу шаралары, осындай діни ағымдарға жастардың ілігу себептері т.б. тақырыптарда дәріс оқылды.

01_06_3

 Дәрісті жүргізген Құрмет Смағұлов мырза Ислам – мейірімді дін және қоғамға пайда алып келу, тәртіп ізгілігін орнату – оның басты мақсаты екенін айтып түсіндірді.

01_06_2

Дәрістің соңы курсанттарды дін саласындағы толғандырып жүрген өзекті сұрақтарға нақты жауап  берумен жалғасты.

 

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

3 курс курсанты

Ұлбосын маликова