Академия бастығының орынбасары курсанттармен жиналыс өткізді 01.03.2017 2017 жылдың 28 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ақан Жақыпбекұлы Нұрышев 2 — курс курсанттарымен жиналыс өткізді. Жиналыста 2 — курс курсанттарының жалпы оқу үлгірімі, тәртібі тағы басқа сұрақтар талқыланды. Жиынға Академияның 2 курс басшылығы, күндізгі оқыту факультеті, тәрбие жұмысы бөлімі, кадр бөлімінің қызметкерлері сонымен қатар оқу топтарының жетекшілері қатысты. Әуелі сөз кезегі Академияның медициналық бөлімнің бастығы Д.К.Ахметовке беріліп, ол өз кезегінде жалпы курсанттардың қазіргі уақыттағы денсаулықтарын күтініп жүру керектігін тілге тиек етті. Сонан соң 2 — курс оқу әдіскері Е.С Акимжанов курстың жалпы жарты жылдық үлгерімдерінің қорытындысын баяндап және оқу озаттарының рейтенгісін айтып өтті. Курс бастығы полиция майоры А.Б. Кусеубаев 3 — ші семестр көлеміндегі өткізілген барлық тәрбиелік жұмыстарды және жеке құрамның бүгінгі ахуалын сөз етті. Сондай — ақ курсанттар тарапынан да біршама сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарға ие болды. Академия курсанттарының баспасөз қызметі, 2 курс курсанты Думанжан Тұрсымбай