1 курс курсантарының топтар арасындағы футболдан жарыс

Аптаның жұмыс күндерінен әр адам мезі болып шаршайды. Осы шаршаңқылықты әр адамдар демалыс күндерін жақсы өткізумен басады. Академияда курсанттарға демалыс күндерін сергек, көңілді өткізуге барлық жағдай жасалған. Ол үшін курсанттарға әр аптадағы демалыс күндерін  тиімді өткізуге жоспар құрылған.

Міне осындай демалыс күндерін 1 курс курсанттары  жоспарға сай өткізді. 1 курс курсанттарының топтар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыста кім мықты екенін анықтап, тартысты бәсекеге деңгейін де өтті. Осы жарысты ұйымдастырып 1 курс курсанттарын Академия спорт кешеніне бастап келген 1 курс бастығының орынбасары полиция капитаны О.Жанузаков курсанттармен бірігіп, өзі де  ала доптың шеберлігін көрсетті. Қызықты өткізілген футболдан ең мықты топ пен белсенді шабуылшылар өнер  көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 103 топ жеңімпаз болып, мықты екендіктерін дәлелдеді. 2-ші орынға 102 топ ие болса, 108 топ 3-ші орынға жайғасты.

Осындай спорттық жарыстар демалыс күндері курсанттар үшін пайдалы екендігіне күмәніміз жоқ. Және де курсанттарға сергектік беріп, спортқа тарту жолы да болып табылады.

         1курс курсанты Әділдәбеков Досжан  

                             28_02_1

28_02_2 28_02_3 28_02_4 28_02_5