«Терроризм – 21 ғасырдың қатері» атты басқосу өтті

Адамзаттың ғасырлар тоғысындағы әлемдік деңгейде тап болған қиындықтарының қатарында терроризм мен экстремизм ерекше орында тұр. Қазіргі кезде терроризм мен экстремизм халықаралық қатынастың қалыпты дамуына шынайы қатер төндіріп отырғаны баршамызға аян. Оның қауіпі мен түрі күн өткен сайын тамырын тереңге жайып, адам баласының үрейін тудыруда, көптеген адамның өліміне алып келуде. Террористік және экстремистік топтармен арадағы байланыстың қайда алып келетіні жайында Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми кітапхананың конференция залында 2017 жылдың 22 ақпанында «Терроризм – 21 ғасырдың қатері» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

23_05_1

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасының бас маманы Әбдиев Сапарғали Әкімбекұлы, Қостанай қалалық мешітінің найб имамы Дайыр Дүйсен Сәрінжіпұлы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ философия кафедрасының аға оқытушысы, Этносаралық және дінаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Шаукенов Жангелді Арсенұлы, ҚМПИ дінтану пәнінің оқытушысы Бухметова Анар Аманжолқызы қатысты.

23_05_2

Дөңгелек үстелдің отырысында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары, ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасының қызметкерлері, студент жастар мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары шақырылып, тақырып бойынша сұрақтарды талқылады.

23_05_3

Қатысқандардың назарына терроризммен күрес туралы, қоғамға жат дін өкілдерінің жұмыстары жайындағы бейнероликтер ұсынылды. Осы тақырып бойынша кітап көрмесі безендіріліп, оған тақырыпқа сай келетін 35 түрлі кітап пен журналдар қойылды.

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

полиция полковнигі

Б. Курмангалиева

 «Терроризм – угроза XXI века»

 Среди проблем глобального характера, с которыми столкнулось человечество на рубеже веков, международный терроризм занимает особое место. Терроризм и экстремизм в современных условиях представляют реальную угрозу нормальному развитию международных отношений, приобретают опасные масштабы и формы, приводят к человеческим жертвам. Последствия связи с террористическими и экстремистскими религиозными группировками обсуждались на круглом столе «Терроризм – угроза XXI века» в конференц-зале Областной универсальной научной библиотеки им. Л. Н. Толстого 22 февраля 2017 года.

В работе круглого стола приняли участие представитель управления акимата Костанайской области по делам религии Абдиев Сапаргали Акимбекулы, наиб-имам Костанайской городской мечети Дайыр Дуйсен Саринжипулы, кандидат исторических наук, директор центра исследования проблем межэтнического  и межконфессионального согласия при КГУ имени А. Байтурсынова Шаукенов Жанкелды Арсенулы, преподаватель религиоведения КГПИ Бухметова Анар Аманжолкызы.

В обсуждении вопросов круглого стола приняли участие курсанты 2-3 курса факультета очного обучения Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева и тд.

Вниманию присутствующих были представлены видеоролики о борьбе с терроризмом,а также деятельности деструктивных религиозных течений.

Особый интерес курсантов вызвала книжная выставка, акктуальная тема о терроризме чем, остались довольны познавательной выстовкой курсанты и гости.

Пресс-служба 3 курса

рядовой полции Беккожина.А.