«Көңілді старт»

Академия курсанттарының ұжымын біріктіру, жеке тәрбиелік жұмыстарын күшейту мақсатында және Қазақстан полициясына 25 жылдығын мерекелеуіне байланысты Академияның  іс-шаралар жоспарына сай қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен 2017 жылдың 19 ақпанында «Көңілді старт» ойыны өткізілді.

22_01_1

Ойындар ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуына септігін тигізеді.

22_01_2

«Көңілді старт» ойынында тек қана қазақтың ұлттық ойындары ғана емес, сонымен қатар ұлттық ойындар қатарына қосылмаған, алайда жастардың сүйікті болып танылған ойын түрлері де енгізілген.

22_01_3

Курсанттарда серіктестік, ұйымшылдық сезімін қалыптастыру; ойынға деген қабілеттерін дамыту, ерік-жігерін тәрбиелеу мақсатында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 2 курс 201-214 оқу топтары арасында ойындар: аударыспақ, арқан тартыс, көтермек, кім жүйрік, қолкүрес өткізілді. Ойынның басында кафедра оқытушылары ойын шарттары мен тәртіптерін түсіндірді. Курсанттар ұлттық ойын және қарапайым ойын түрлеріне қызығушылық танытып, белсенді қатысты.

22_01_4

Жанды әрі қызықты ойындардың қорытындысы бойынша келесі топтар мынадай орындарға ие болды:

22_01_6

22_01_5

1 орын — «Сұңқар» командасы (207-208 оқу тобы);

2 орын — «Легион» командасы (205-206 оқу тобы);

3 орын — «Құлагер» командасы (209-210 оқу тобы).

22_01_7

Жүлделі орын алған командалар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында, естелікке топтық суретке түсіру ұйымдастырылып, кафедра оқытушылары және қатысушылар жақсы көңілмен тарқасты.

22_01_8

22_01_9

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Р. Калиярова