Тәжірибе қызметкерлерімен кездесу өтті

2017 жылдың 16 ақпаны күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс басшылығы Қостанай және Алматы қалаларының жылдам қимылдау арнайы жасағы қызметкерлерімен курсанттар арасында кездесу ұйымдастырды. Өткізілген кездесу сұхбат түрінде өтті. Курсанттар өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлық жауапқа ие болды. Қызметкерлер өздерінің өмірбаяндарынан шолу жасай отырып, қазіргі атқарып жатқан қызметтерінің ерекшеліктерін атап өтті. Келесі жылы академия түлегі болатын курсанттарға СОБР қызметіне қалай іріктеудің жүргізілетінін түсіндіріп, алғашқы кезекте үміткермен жеке сұхбатты жүргізетін комиссия құрылатынын ескертті.

21_05_1

21_05_2

Комиссияның мақсаты тек қана заңды білетін, физикалық тұрғыдан шыныққан, медициналық көрсеткіштері жоғары болу арнайы талаптарына сай қызметкеhлерді ғана таңдау емес, сонымен қатар, жоғары моральді-этикалық және психологиялық сапаларға ие екендігін анықтау болып табылады. Онымен қоса, олардың эмоционалды дамыған, спорттық жетістіктерге ие болған, жауапты тұлғаларды қабылдайтынын айтып, қызметке талапкерлерді қабылдау жыл сайын өткізілетінін хабарлады.

21_05_3

21_05_4

21_05_5

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

3 курс курсанты

Ұ. Маликова