Кәсіби біліктілікті жоғарлату

15_06_1

2 – курс  басшылығы  күндізгі оқу факультетімен бірлесіп, 14-ақпан күні  Қазақстан Республикасы  ішкі істер министрлігі  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс курсанттарының ой – саналарын дамыту мақсатында Алматы облысының  ІІД  жол патрульдік батальон психологы полиция аға лейтенанты Абылай  Кенжемұратұлы Болатов және  Қарағанды облысының ІІД арнайы жедел қимылдау жасағының инспекторы полиция капитаны Мұрат Серікқалиұлы Арықбаевпен кездесу өтті.

Аталмыш кездесу курсанттардың көңілінен шыққандай болды, себебі кездесуге келген қонақтарға әр курсант өзінің ойындағы қызықты-қызықты сұрақтарды қойып, мардымды жауаптар алғанынан байқады.

Кездесуге келген Мұрат Серікқалиұлы өз жұмысының кейбір қызықты тұстарын айтып, курсанттардың көңілін бір көтеріп тастады. Өздерінің көрген қызықты оқиғаларын тым қызықты етіп баяндап берді.

Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп, оның дамуы мен өркендеуіне, көркейіп – гүлденуіне өз үлесімізді қосу міндетіміз, еліміз үшін қызмет ету абырой болса , отанымызды қорғау ерлік болып табылады.

 

Күндізгі оқу факультеті және

2 курс басшылығы

15_06_5

 15_06_315_06_2  15_06_4