Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру

2017 жылдың ақпан айының 10 күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс 310 взвод курсанттарына кураторлық сағат аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы түсіндірілді.

13_03_1

Биылғы жылы елімізде өтетін аса маңызды оқиғалар аз емес. Солардың қатарында Елбасымыздың баспасөз беттерінде жарияланған Қазақстан халқына Жолдауы ерекше үлкен орын алады.
Мемлекет басшысы күн тәртібіне Қазақстанның үшінші жаңғыруы жөнінде міндет қойды. Мақсаты — елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.
Президент Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді — экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы; дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру; еңбек нарығын жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Мемлекет басшысы, «бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына, болашаққа бастайтын сенімді көпір» — деді.

13_03_2
Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыратыны сөзсіз.
Бұл мақсаттарға жету үшін «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық ауқымды жоспары әзірленеді.
Бұл басымдықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай ілгерілеуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Д. Карымсакова