Жолдауды орындау – болашаққа сеніммен қарау

Баршаңызға аян Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жыл 31 қаңтарда тәуелсіз еліміздің тарихында қалатын тағы бір ұлы қадам жасады. Бұл қадамды Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп атады. Себебі Қазақстанның 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынынан шығып, өз жолымызды бастағанымызда. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды деп бірінші жаңғыруын алса, «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен екінші жаңғырудың басталғанын көрсетті.

13_01_1

Әрине Елбасымыздың көрегендігінің арқасында бұл екі жаңғыру нәтижелі орындалып, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына жеттік. Енді Ұлт Көшбасшысы Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын үшінші жаңғырудың жолын көрсетіп отыр. Осы Үшінші жаңғырудағы бес негізгі басымдықтардың негізінде 30 озық елдің қатарына кіруге қадамдар көрсетілген.

13_01_2

«…Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет» деп Елбасымыз Жолдауында көрсеткендіктен және мемлекетіміздің басты идеологиялық құжаттарының бірі болғандықтан түсіндіру жұмыстарынан Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да сырт қалмады. Сол себепті 07 ақпан күні Қостанай қаласы № 10 жалпы орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларының арасында түсіндірмелік жұмыстарды жүргізді. Түсіндірмелік жұмысқа Академия тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Б.Құрманғалиева мен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М.Смагулов жүргізді.

13_01_3

Түсіндірмелік жұмыстар барысында оқушыларды жолдаудың жалпы түсінігі, оның мақсаты, алғашқы жолдаудың қашан шығарылғандығы, елдегі констиуциялық реформалардың сыры, ағымдағы жылғы жолдаудың төртінші басымдығы өте қатты қызықтырды. Бұл сұрақтарына Академия қызметкерлерімен ұтымды да дәйекті жауаптар берілді.

Жолдауда қозғалған тақырыптар Қазақстанның әрбір тұрғынына қатысты. Осы Жолдау арқылы мемлекеттің дамуы қай бағытта өрбитіні айқындалады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

полиция капитаны М.Смагулов