Қызметкерлерге қазақ тілі сабағы басталды

Академия қызметкерлеріне қазақ тілі сабағын ұйымдастыру «ҚР ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 840 бұйрығы басшылыққа алына отырып жүзеге асырылады.

09_04_1

Осы ережеде оқытуды «келісім бойынша жергілікті әкімдіктер жанында құрылған тілдерді оқыту орталықтарында жүргізуге» болатындығы көрсетілген. Осының негізінде Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы Қызылов пен Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов арасында өзара келісім жасалды. Келісімге сәйкес Академия қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігі ескеріле отырып, мемлекеттік тілді оқыту сабақтары Академияның базасында өткізілетін болды. Сонымен қатар «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығынан бір оқытушы сабақ жүргізу үшін бөлінді.

09_04_2

Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейлері ескеріліп, «ҚАЗТЕСТ» жүйесімен: базалық (А2) – 2 топ; орта (В1) – 1 топ жасақталды.

09_04_3

Тілдерді оқыту орталығының бағдарламасы бойынша курстың бірінші кезеңі — 2017 жылғы ақпан-маусым аралығын; екінші кезеңі – қыркүйек-қаңтар аралығын қамтиды (жалпы 120 сағат).

09_04_4

Сабақтар әр аптаның дүйсенбі-сәрсенбісі күндері сағат 14:30-дан бастап жүргізіледі.

Курстың соңында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізу және «Сертификат» тапсыру көзделген.

 

Құрбанәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл

бөлімшесінің бастығы