Елбасының Жолдауын ескерген курсанттар

Жақында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарына апта сайын өткізілетін ақпараттық сағат ерекше тақырыпта өткізілді. Бұл жиналыста 3 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Д. Майшин мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны М.Туйганов 2017 жылғы 31 қаңтарындағы  Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша баяндады.

09_03_1

09_03_2

09_03_3

 Бұл Жолдауда Елбасы Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнаған. Еліміздің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткені, елімізді мақтан тұтуымыз қажеттілігі туралы, табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өткенімізді және оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалағаны туралы айтылғандығын түсіндірді. Және де курсанттар жолдауда  2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғанын, биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуіне еліміздің дайындығы туралы, сондай-ақ мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізгелі тұрғанымызды саналарына түйіп алды.

09_03_4

09_03_5

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

3 курс курсанты

полиция қатарындағы  

Ұ. Маликова