Ел қалаулысы Академияда

2017 жылғы 7 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымымен  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Заң шығару және соттық-құқықтық реформа комитетінің хатшысы заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Федоровна Бычкова кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Мәжілістің қызметі туралы халықты хабардар ету, аймақта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды зерттеу туралы мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, осы күні Академия қабырғасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын орындау саласында «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру » атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Федоровна Бычкова, Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару комитеті пробация қызметі жетекшісі бойынша басқарма бастығы әділет майоры Александр Викторович Тереня, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов, қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, оставкадағы полковник Игорь Викторович Слепцов, Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Гайда Байгуровна Жандарбекова, Академия профессорлық- оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері, магистранттар мен курсанттар, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД тәжірибелік қызметкерлері қатысты.

Ел қалаулысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Федоровна Бычкованың келуі Академия ұжымының оқу-ғылыми қызметін әрі қарай дамыту үшін біздің жоғары оқу орнымызға қосымша дем беретіні сөзсіз.

Жалпы депутат Елбасының жолдауын жан-жақты түсіндіре келе, сөз соңында барлық елді жолдаудағы көрсетілген тапсырмаларды уақытында орындауға бір адамдай атсалысуға шақырды.

 

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Маратұлы Оспанов

Фотоны түсірген: С. Камалов

07_01_1 07_01_2 07_01_3 07_01_4 07_01_5 07_01_6 07_01_7 07_01_8 07_01_9 07_01_10 07_01_11 07_01_12 07_01_13 07_01_14 07_01_15

07_01_16

07_01_17 07_01_18 07_01_19 07_01_20 07_01_21