Елбасының кезекті жолдауы академиялықтарды да бір серпілдіп тастады

2017 жылы 03 ақпан  күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру бойынша жалпыакадемиялық жиын өтті.

03_02_1

Жиынға Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов және академияның барлық жеке құрамы қатысты.

03_02_2

Бас қосуда Елбасының жолдауы талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

03_02_3

Көпшілік алдында Академияның  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер кафедрасының аға оқытушылары М. Туйганов және Б. Альпейсов жолдау туралы баяндама жасады.

03_02_4

Жолдау барысында Республикалық бюджеттің 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктеріне берілген тапсырмаларды қалай орындау керектігі жөнінде сөз қозғалды.

03_02_5

Жиын соңында жолдаудың орындалуына жауапты қызметкерлер  басқосуға келген БАҚ өкілдеріне  өз ойларын білдіріп, сұхбат берді.

03_02_6

Мейрам Оспанов