Магистратурада «Мәңгілік ел-ұлттық идеясының» негізгі мақсаттары талқыланды

Жақында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының магистратурасында «Мәңгілік ел – ұлттық   идея» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына әлеуметтік –гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, Челябі мемлекеттік университетінің аспиранты, полиция капитаны М.С. Туйганов, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі К.А. Жумабаев, аталған кафедраның оқытушысы, полиция аға лейтенанты Д.А. Талғабекова, сонымен қатар ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары қатысты.

30_01_1

Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының» негізгі мақсаттарын талқылау болды. Дөңгелек үстел жұмысының барысында М.С. Туйганов «Мәңгілік Ел» – ұлттық   идеясына түсінік беріп,  «ұлт» сөзін екі мағынада алып қарастыруға болатынын. Бірі – этникалық қауымдастық, екіншісі – мемлекеттің  барша халқы мағынасында. «Мәңгілік Ел» идеясы – осы  екі ұғымға да ортақ идея. Бұл – қазақ  халқының ұлттық мұраты, сонымен бірге осында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жетелейтін идея екеніне тоқталды.

30_01_2

Дөңгелек үстел жұмысы қызу талқыда өтті, магистранттар түрлі сұрақтар қойып, жауаптарын алып жатты.

30_01_3

Осы бас қосуда түйгенім, біздің алдымыздағы болашақта ұстанатын ортақ құндылықтарымыз бар. Олар – тәуелсіздік, ұлттық бірлік, зайырлы қоғам, экономикалық өсім, ұлттық қауіпсіздік.

30_01_4

Елбасы «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы»  деп Жолдауда атап көрсеткен еді.

30_01_5

Міне, біз бейбітшілік пен келісімге келіп, күн санап әлемдегі өз атымызды алтын әріппен жазар дәрежеге жетіп келеміз. Біз көшбасшымызға, ол бізге сенеді. Мақсатымыз – айқын, келешегіміз – жарқын. Мақсат орындалса, Елбасы сомдаған, қазақ халқы аңсаған арман шындыққа айналмақ.

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры  Г. Едресова

 

В рамках празднования 25 –летия Независимости Республики Казахстан  

 21 января 2017 года в магистратуре Костанайской академии МВД РК  имени Шракбека Кабылбаева  в рамках празднования  25-летия Независимости Республики Казахстан проведен круглый стол по теме «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы». В работе круглого стола приняли участие сотрудники кафедры социально-гуманитарных дисциплин: старший преподаватель кафедры социально-гуманитарных дисциплин, магистр педагогики и психологии, аспирант Челябинского государственного университета, капитан полиции Туйганов М.С., доцент кафедры социально-гуманитарных дисциплин, кандидат экономических наук, подполковник полиции  Жумабаев К.А., преподаватель кафедры социально-гуманитарных дисциплин  Талгабекова Д.А., также сотрудники магистратуры и магистранты 1 курса научной и педагогической магистратуры.

30_01_6

Целью круглого стола является проведение разъяснительных работ об истории зарождения национальной идеи «Мәңгілік ел».

30_01_7

В ходе проведения круглого стола Туйганов М.С. разъяснил основные направления идеи «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы».

30_01_8

Во время встречи обсуждались актуальные проблемы воспитания и культуры межчеловеческого общения, формирования уважительного отношения к труду, нормам, правилам и традициям человеческого бытия, повышения культурного и мировоззренческого уровня человека.

30_01_9

Магистранты приняли активное участие в обсуждении актуальных аспектов, задавали вопросы, извлекли для себя полезный урок.

30_01_10

Начальник магистратуры

капитан полиции   Д. Альжанов