Қысқы демалыс бойынша курсанттармен жиналыс

2017 жылдың 18 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарымен Академия бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ж.Нурушевпен курсанттардың оқу үлгерімі, қысқы сессия уақытының біту нәтижесі және қысқы демалыс уақытында курсанттардың өздерін дұрыс ұстауы жөнінде жиналыс өтті.

Жиналыста Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қ.Ж.Айткулов, кадр бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К.Ибраев, екінші арнайы бөлім бастығы полиция майоры А.М.Мизамбаева, 3 курс басшылығы және оқу топ кураторлары болды.

3 курс бастығы полиция капитаны М.С.Мурзагалеев басшылық құрамына ағымдағы оқу жылында орын алған емтихандық кезеңнің нәтижесімен және курсанттардың семестрдегі оқу үлгерімі қорытындысы туралы есеппен таныстырды.

Кейінгі кезекте Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Нурушев курсанттарға оқудағы басты мақсаттары – жақсы оқу, тәжірбие жинау және профессорлық — оқытушылық құрамнан терең білім алу екендігін түсіндіре отырып, ағымдағы оқу жылында орын алған емтихандық кезеңнің нәтижесімен танысып, курсанттарға алдағы оқу жоспары туралы түсіндіріп өтті.

Келесі сөз кезегі Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қ.Ж.Айткулов курсанттарға қысқы демалыс уақытанда ІІО қызметкерлері атағына лайықты болып жүру екендігін, көңіл көтеретін ойын сауық кешендеріне бармау қажеттігін, барынша азаматтармен сыпайы болу керектігін дәріптеді.

Және де жиналыста қысқы демалыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағынан шығуды жоспарлаған курсанттарға алдын ала баянатпен хабарлау керектігі сияқты ақпараттар ескертілді.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция қатарындағы У. Маликова

19_03_1 19_03_2 19_03_3