Қысқы демалысқа дайындық жиыны

Қаңтар айының 18 – күні  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер министрлігі  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  2 – курс курсанттарының  қатысуымен  Академия басшылығы  қысқы демалысқа байланысты  жиын өткізді.

Жиынға Академия бастығының орынбасарлары  Нурушев Ахан  Жақыпбекұлы  және  Айтқұлов Қайрат Жаукенұлы, сонымен қатар 2 – курс  басшылық құрамы мен топ кураторлары қатысты.  Жиналыста негізгі мәселе курсанттардың қысқы демалысы болғандықтан барлық жағдайлар түсіндіріліп, билет және қызметтік куәлік барысы қызу талқыға салынды.

2 – курс әдіскері полиция подполковнигі  Украинцева  Ирина Николаевна  оқу жағынан, емтихандар  жайлы  және  курсанттардың қорытынды бағалары жайлы бірер мағлұматтар айтып өтті. Сонымен қатар курсанттардың  демалыста жүргенде әдептілік сақтауын басты  назарға  алды.  Және  мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекісін дұрыс ұстануын, курсант киім үлгісін дұрыс сақтауын айтып өтті.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан

19_02_1 19_02_2 19_02_3 19_02_4 19_02_5