“Волейболдан өткізілген жарыс”

09_01_1

8 – қаңтар күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы спорт кешенінде  2 курс курсанттарының арасында , 13 – желтоқсандағы  «Тәуелсіздігіміздің 25 – жылдығына»  орай  волейболдан өткізілген жарыстың жалғасы іспеттес, 2 курс басшылығы  курс чемпиондары 204 — топпен  суперкубокты өзара сарапқа салды.

Естеріңізге сала кетсек  204 – топ, курс арасында чемпион атанған болатын.

Бүгінгі  кездесу  өте тартысқа толы өтіп, онда 2 курс басшылық құрамы үздік ойын үлгісін  көрсетіп, өздерінің  өжеттілігімен  курсанттарға үлгі болып, салауатты өмір салтын  ұстануын  ұсынды. Қызыққа толы бұл жарыста  204 – топ біршама басымдылықпен  жеңісті жұлып алып, чемпиондық суперкубокқа ие болды. Басшылық тарапынан  чемпиондарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұндай жарыс  2 – курс қыз балалары арасында да өткізілді. Және биік дәрежеге сай  өрбігіен  бұл сайыста 206 – топ қыз балалары жеңіске жетіп, «қол доп  шеберлері» атанды.  Бұларда басшылық тарапының сый – сияпаттарынан құр қол қалмады.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Маратов Мадияр

09_01_3 09_01_4 09_01_5

09_01_2  09_01_7 09_01_6

09_01_8