“Ескі жыл есірке – Жаңа жыл жарылқа”

04_04_1

Желтоқсан айының 31 күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары жылы жарқын жүзбен, көтеріңкі көңіл күймен жаңа жылды қарсы алды.

Әуелі керемет азық – түлігі сай дәмді тағамдар, қазақи бауырсағы бар, тағы басқа көрсең сілекей шұбыратын тағамдар жайылған дастарханға жайғасты. Одан әрі курс бастығы полиция майоры Кусеубаев Азамат Браліұлы баршаға Жаңа жылдарымен құттықтап, ізгі ниетпен дастарханды ашып берді. Сөз кезегі курс бастығының орынбасарларына беріліп, оларда өз кезегінде баршаны шын жүректен мерекемен құттықтады. Әрі қарай қызықты ойыңдар ұйымдастырылып, бейне роликтер көрсетіліп, курсанттар мерекелік әңдер айтты.

Осылайша керемет көңіл күйде отырған курсанттар сағат тілі 24:00 жақындаған тұста, тып тыныш болып Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзінен кейін курсанттар бірін – бірі құттықтап және туған туыстарын құттықтап жаңа жылды қарсы алды.

04_04_2

04_04_3

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан