Бүгін 13 шілде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні. Елімізде 1992 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан мерекенің Тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы зор.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған 29 жылда – даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдарына айналды.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттілігін, көпұлтты Қазақстан азаматтарының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҰҚК қызметінің орны ерекше.

Құрметті ел тыныштығының сақшылары!

Мемлекеттік бейбітшілік пен татулықты, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеуде, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін сақтап, бәрінің заң алдында теңдігін қалыптастыруда Сіздерге артылар жүк ауыр.
Сіздер заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушылары, азаматтардың бостандығы мен Конституциялық құқығын қорғау, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуына, жалпымемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, қоғамдық тәртіппен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар.
Батырлық, батылдық, тапқырлық пен табандылықты бір арнаға тоғыстырып Егемендік пен Елдікті сақтап, айбынын асыруда бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарған адал қызметтеріңіз баршаға аян, ұрпаққа үлгі.
Түнгі ұйқымыздың тыныштығын қамтамасыз ететін бүгінгі заманның батырлары, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен мен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңіз сау болып, Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз табысты, азаматтық айбындарыңыз асқақ бола берсін! Еліміз бейбіт, тыныштығымыз мәңгілік болсын.

Сегодня профессиональный праздник сотрудников Комитета национальной безопасности. 13 июля 1992 года Указом Президента страны Нурсултана Назарбаева был образован Комитет национальной безопасности (КНБ) Республики Казахстан.
29 лет со дня создания Комитета Национальной безопасности Казахстана стали годами становления и развития, постоянного самосовершенствования.
В обеспечении государственности нашей независимой страны, надежной безопасности граждан многонационального Казахстана служба КНБ занимает особое место.

Дорогие стражи мира и спокойствия страны!

Вы несете тяжелый груз ответственности за укрепление мира и согласия, национальной безопасности, сохранение прав и свобод каждого гражданина, равенства всех перед законом.
Вы являетесь гарантами законности и общественного порядка, надежно защищая закон и правопорядок, успешно выполняя обязательства по защите Конституционных прав и свобод граждан, соблюдению законности в борьбе с преступностью и коррупцией, по реализации общегосударственной политики.
Пусть в дальнейшем будет успешным Ваш самоотверженный труд на пути реализации стратегии безопасности нашей Родины, пусть возвышается Ваша гражданская доблесть! Поздравляем Вас с профессиональным праздником, желаем Вам больших успехов в реализации высоких целей нашей Независимой страны!