Жыл адамы-2016

2016 жылғы 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясының 3 курс курсанттары «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жыл адамы-2016» атты байқауының салтанатты кешінің құрметті қонақтары болып қайтты. Байқауда жоғарыда аталған екі мекемемен тығыз қызмет атқарған жергілікті азаматтарға өз алғыстарын білдіріп, «Жыл адамы» естелік белгісін  табыстады.

Мақтанышпен еске алатын жайт алғаш болып былтыр телеарна ұжымы ұйымдастырған бұл байқауда бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істегені үшін ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловқа «Жыл адамы-2015» естелік белгісі табыс етілген болатын.

Академияның курсанттар баспасөз қызметінің

баспасөз хатшысы полиция қатарындағы У.Маликова

29_01_1 29_01_2 29_01_3 29_01_4 29_01_5 29_01_6 29_01_7 29_01_8 29_01_9