Курсанттар ерліктері үшін марапатталды

Сөзімнің басын сонау әлқиссадан бастайын. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған.

Ерлік – адам бойындағы батылдықты, батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.

Міне осы бір мағынада жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары ерлікке тұрарлық азаматтық борыш жасады. Бұл жолы курсанттар адам өмірін ажалдан емес, бейтаныс әйелді ұрының қармағынан аман алып қалды.

Қараша айының аяғы болатын күндіз «динамо» спорт залынан күнделікті жаттығудан шыққан Академияның курсанттары полиция қатарындағы Максим Фаткуллин және Ерден Бибол Қостанай қаласының орталығында орналасқан «ЦУМ» әмбебап дүкеніне кіріп, карточкаларынан ақша алғысы келеді. Ойларында ештеңе жоқ курсанттар дүкен ортасында әйелдің құтқарындар деген айқайлаған дауысын естиді. Арттарына жалт қараған курсанттар бір жігіттің қолында ұстаған заты бар жүгіріп келе жатқанын байқайды. Сол сәтте Максим бірден жүгіріп келе жатқан жігітті қабырғаға итеріп, тосқауыл қояды. Жүгіріп келе жатқан жігіт ештенеге қарамастан әрі қарай тұрып алып қаша жөнеледі. Оның соңынан бейтаныс әйелдің «ұрыны ұстаңдар, көмектесіндерші» деген сөзін тағы естиді. Сол кезде бірден ұрыны ұстау керектігін түсінген Максим мен Ерден қашып бара жатқан жігітті қуып жетіп, академияда ұстаздарынан үйренген жауынгерлік әдісті қолданып, ұрыны залалсыздандырып, ұстап алады.

Осы кезде дүкенші әйел келіп, облыстық ішкі істер департаментіне телефон шалып, тәртіп сақшыларын шақырады. Дереу келген жедел сақшы қызметкерлері келіп, ұрыны ұстап, ерлік жасаған курсанттардың аты-жөнін жазып алып, кетеді.

Міне содан бір айдай уақыт өткен соң, Қостанай облыстық ІІД-нің  жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Құрмет Мажикенов ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына келіп, салтанатты түрде 4 курс курсанты полиция сержанты  Балаби Әлиасқарұлы, 3 курс курсанты полиция қатарындағы Заир Камалов, 3 курс курсанты полиция қатарындағы Максим Фаткуллин және 2 курс курсанты полиция қатарындағы Ерден Бибол  жедел профилакториялық іс-шараларда белсенділік танытқаны және жоғарыдағы ерліктері үшін Қостанай облыстық ІІД бастығының атынан мақтау қағаздарын және ақшалай сыйлықтарын табыс етті.

Ауыспалы құрам алдында абыройлары асқақтаған және кішігірім ерлік жасаған полиция қатарындағы Ерден Биболды сөзге тартып, болған істің мән-жайын айтып беруін сұраған едім.

  • Қараша айынының соңы болатын. Досым Максим екеуміз күнделікті жаттығудан шығып орталықтағы «ЦУМ» әмбебап дүкеніне кірдік. Сол жерде қайырымдылық қорынан жиналатын жәшіктегі ақшаны ұрлап қашып бара жатқан жігітті ұстадық. Сосын оларды полиция қызметкерлеріне тапсырдық. Одан кейін бізге алғысын жаудырған дүкенші әйел рахметін айтты. Міне, осылай тағы бір қылмыстың алдын алуға кішігірім көмек көрсеттік. Бар болғаны осы. Мен бұл жасаған іс – әрекетімізді ауыз толтырып айтарлықтай ерлікке баламаймыз. Бұл біздің ел алдындағы міндетіміз деп ойлаймын, — деді сөзін қысқа қайырған Ерден бауырымыз.

Шындығында соңғы уақыттарда Академияның курсанттары қоғамдық

тәртіпті сақтауда және халық арасында кішігірім ерлік жасауда белсенділік танытуда. Бұл әрине буына әлі қата қоймаған жас курсанттарымыз үшін қуантарлық іс. Егер солар жасаған ерлік елеусіз қалып, бүгінгідей басшылар тарапынан марапаттар болмаса, жоғарыдағы ұрыны ешкімде ұстамас еді. Біреудің өмірін алып қалу үшін халықтан түскен қаражатты  қолды қыламын деген қарақшы қолға түспес еді.

27_01_1  27_01_3

27_01_4

27_01_2

27_01_5 27_01_6 27_01_7 27_01_8 27_01_9

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов

 

Фотоны түсірген Сейітқали Камалов

 

Қостанай қаласы