Оқу бағдарламасы бойынша курсанттармен жиналыc

2016 жылдың 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарымен Академия бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ж.Нурушевпен курсанттардың оқу үлгерімі жөнінде жиналыс өтті. Жиналыста Академияның заң институтының бастығы полиция полковнигі А.В.Брылевский, 3 курстың оқу ісі жөніндегі әдіскер оқытушысы полиция майоры А.Т.Дощанова, 3 курс басшылығы және оқу топ кураторлары болды.

Академия бастығының орынбасары А.Нурушев курсанттарға оқудағы басты мақсаттары – жақсы оқу, дайындықпен тәжірбие жинау және профессорлық — оқытушылық құрамнан терең білім алу екендігін түсіндіре отырып, алдағы оқу жылындағы күтіп тұрған емтихандық кезеңге жоғарғы дәрежеде дайындалу керектігін айтты. Сонымен қатар курсанттарға өздерін ғылыми және шығармашылық жағынан жақсы танытуға көптеген мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Кейінгі кезекте 3 курстың оқу ісі жөніндегі әдіскер оқытушысы А.Т.Дощанова басшылық құрамға және 3 курстың жалпы құрамына аяқталып келе жатқан ағымдағы курсанттардың семестрдегі оқу үлгерімі қорытындысы туралы есеппен таныстырды.

Келесі сөз кезегі заң институтының бастығы А.В.Брылевский курсанттардың қызметтік өркендеп өсуі үшін баспалдақты оқудан бастау қажеттігін және оқу үдерісінде үлгеріп білім алу қажеттігін, төмен баға алмау қажеттігін айтты, оған қоса оқу топ кураторлары басшылыққа оқу жөнінде өз сұрақтарын қойып тиісті жауаптар алды.

Жиналыс соңына қарай 3 курс бастығы полиция капитаны М.Мурзагалеев курсанттардың оқу үлгерімі және үлгерімі төмен курсанттармен қосымша жұмыстар атқарылатыны туралы хабарлады.

3 курс курсанты полиция қатарындағы Маликова У

26_03_1 26_03_2 26_03_3