«Қостанай қаласының негізгі жетістіктері» атты өткізілген іс-шара

Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 тақырыптық күн іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің курсанттарымен «Қостанай қаласының негізгі жетістіктері» атты слайд шоу өткізілді.

Іс-шараны өткізу мақсаты: Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған курсанттарға, Қостанай қаласының тарихын насихаттау және оның тыныс-тіршілігімен таныстыру.

Осы орайда курсанттарға Қостанай қаласы туралы 2 курс курсанты полиция қатарындағы Тоқтар Қымбаттың баяндамасы ұсынылды, содан соң, Қостанай қаласының пайда болған күнінен бастап, осы күнге дейінгі даму тарихы қарастырылған фотолардан жасалған слайд көрсетілді. Слайд көрсетіліп болған соң, назарларына ұсынылған материалдарды бекіту мақсатында курсанттардан Қостанай туралы  ақпараттар негізінде сұрақ-жауап жүргізілді.  Сонымен қатар, Қостанайға арналып жазылған ақын, композиторлардың шығармалары талқыланды, қуантарлық жағдай курсанттардың Қостанайға арналған шығармаларды жарыса айта отырып, олардың авторларын да білетіндігі. Соның ішінде, Қостанайға арнап ән жазған жергілікті композитор Қалибек Деріпсалдинді білмейтін курсант жоқ деп айтса болады.

Шара соңы курсанттардың Қостанайға деген жылы лебіздері мен өздерінің Қостанайға алғаш келгендегі қызықты жағдайларын еске алумен аяқталды.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасы бастығының

орынбасары

полиция майоры Кажикова Г.Н.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Қалиярова Р.Б.

22_01_1 22_01_2

22_01_3 22_01_4 22_01_5