“Тәуелсіздік мерекесі мираста”

16 желтоқсанда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары қалалық “Мирас” мәдениет үйінде “Тәуелсіздігіміздің 25 – жылдығы” Ұлы төл мерекемізді тойлау барысында өткізіліп жатқан концерттік қойылымда құрметті қонақ ретінде, әрі көрермен ретінде қошемет көрсетіп, қолдау көрсетуге барды.

20_06_1

Концерт өте қызықты, керемет өтіп, оған көптеген күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер ат салысты. Бұл іс – шараға мыңызды қонақтар ретінде қала және облыс әкімдігі тарапынан қонақтар келіп қолдау көрсетті.

20_06_2

Патриоттық рухта, көтеріңкі көңіл күйде оралған курсанттарымыз қуаныштарын, сезімдерін айтып жеткізе алмады. Осылайша Тәуелсіздігіміздің 25 – жылдығы жоғарғы деңгейде, керемет аталып өтті.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан