“Тәуелсіздікке 25 жыл”

16 – желтоқсан күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс курсанттары академия АКТ залында төл мерекеміз «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын» айтарлықты деңгейде атап өтті. Мерекелік көңіл – күйде басталған бұл концертте әуелі елжіретер, рух бағыштар мемлекеттік гимніміз шырқалса, сонан соң  Желтоқсан  оқиғасы саңлақтарын еске алу мақсатында олардың сол кезде түсірілген видеороликтері  курсанттарға ұсынылды.

20_04_1

Одан кейін  курс бастығы А.Кусеубаев баршамызды ұлы мерекемізбен құттықтап, ізгі әрі жүрек жарды тілектерін білдіріп, концертті ашып берді. Концерт Тәуелсіздікке арнау өлеңдермен басталып, таңдайлары тақылдаған, күміс көмей курсанттар әнмен жалғастырса, биші қыздарымыз мың бұралып керемет қазақи биге ұластырды.

Осы мерекелік концерт барысында бірқатар курсанттарды «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай курс бастығы академия тарапынан мадақтама хаттарымен марапаттады.

Ерекше айта кетер бір жайыт, концерт соңына қарай 2 – курс курсанттарынан   құрылған хордың, курс бастығы А.Кусеубаев және қызы  З.Кусеубаевалардың орындауындағы  «Егемен қазақстан» әні керемет шырқалды. Бұл әнге бүкіл курсанттар қосылып шарқағанда залды дүр сілкіндірді, және көкіректерінде отанына деген патриоттық отын маздатқандай әсер қалдырды.

2 курс курсанттары