Тәуелсіздікке 25 жыл

Бүгін міне тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған тәуелсіздігімізге оңайлықпен жетпегеніміз баршаға мәлім. Жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында тәуелсіздігіміз біздің маңдайымызға дарып, қолға қонды.

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады,

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ ұлы менен қыздары

-дей отырып. Сол кездегі Қайрат, Ербол, Ляззат және т.б. аға-апаларымыздың ерлігі болмаса қазіргі кезде қандай заман болар еді. Бүгінгі күнді сол кісілерді еске алуға арнадық.

20_02_1

Академия қабырғасында 1-курс курсанттары шағын іс-шара өткізді. Іс-шараны 1-курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмуханов ашты. «Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті» -деді Ә.Тажмуханов.

20_02_2

Курсанттарымыз тек солар жайлы өлең оқып, ән салды.Батырларымызың арқасында көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалып жүр. Сол үшін ол кісілерге алғысымы шексіз.

 20_02_3

                      1-курс курсанты полиция қатарындағы Ахметов Д.С.