ІІО Прокурорлық қадағалау пәнінен ашық сабақ өтті

2016 жылдың 14 желтоқсанында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Акимжанов Е.С.  ІІО прокурорлық қадағалау пәнінен «Халықаралық келісімдерді қолдануға, шет және заңды елдің азамматтарының тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалау» тақырыбанда КОФ 4 курс, 403 топ курсанттарымен жалпыакадемиялық ашық семинар сабағын өткізді. Сабаққа академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

15_02_1

Ашық сабақтың мақсаты халықаралық келісімдерді қолдану және шет және заңды елдің азамматтарының тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге прокуроролық қадағалау ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

15_02_2

Мемлекет заңды тұлғаларының мүдделерін, адамның және азамттың құқықтары мен бостандықтарын сақтауын қадағалау, халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде заңдардың қолданылуын қадағалау, прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымактастық бойынша өкілеттіктері аясында курсанттардың ауызша жауаптары тыңдалып, дербес дайындық негізінде жазылған баяндамалары оқылып, талқыға салынды.

 Болашақ полиция қызметкерлерінің білім деңгейі мен ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатымен аталмыш тақырып аясында мемлекетіміздің құқықтық даму аспектілерінің проблематикалары мен ерекшеліктері қызу талқыға салынды.

15_02_3

Халықаралық экстардиция рәсімінде прокурорлық қадағалау мәселелері баяндалып, экстрадицияның оң және теріс жақтары жайында топ курсанттарының арасында дискуссия өткізілді.

15_02_4

Ашық сабақ барысында курсанттардың тақырыпты жетік меңгеруі, интеллектуалдық ойлау қабілеті мен танымдылығы, сабаққа белсенді түрде қатысуы  бағаланды. Сабақ өз мақсатына толық түрде жетті.

Қылмыстық процесс және

криминалистика кафедрасының

 аға оқытушысы

полиция капитаны

Данияр Альжанов