Мүгедек жандарды қоғамнан бөлуге болмайды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында, Қазақтан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Е. Акимжановпен және ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Примкуловамен, күндізгі оқыту факультетінің 1, 2, 4 курс курсанттарының қатысуымен Қостанай қаласында орналасқан «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 2 Қостанай арнайы  мектеп-интернатының» балаларымен кездесуге барды.

13_08_19

Мектеп тәрбиеленушілері келген қонақтарға түрлі концерттік бағдарламалардан  құралған мәдени іс-шаралар  ұйымдастырып, қонақжайлылықтарын көрсетті.

13_08_18

Академия курсанттары балалармен әңгемелесіп, қолдан жасаған еңбектерін тамашалады, содан кейін балаларға сыйлықтар сыйлады.

13_08_17

Одан басқа мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анжелика Калимованың ұйымдастыруымен балалардың тұрмыс жайлары және мектеп кітапханасына, асханасына, психология кабинетіне, хореография залына, шахмат клубына саяхат өткізді.

13_08_15

«Жетім көрсең жебей жүр» демекші академия курсанттары интернаттағы кішкентай балаларға кішкене де болса жылы лебізбен қарап біршама қол үшін тигізді деп ойлаймыз. Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап бұзақылықпен айналысатын жағдайлар көп кездесіп жатыр, сондықтанда академия курсанттары мен жауапты офицерлер қылмыстың дұрыс еместігін алдын алу шара ретінде түсіндіріп кетті.

13_08_13

Осылай ата-аналарының балаларынан оңай бас тартып, жетім балаларының көбеюі күн санап артып келеді. Осындай жағдайларды қарап отырып, қазақ халқының бойына сіңген мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерін еш жоғалтпай жанашырлық танытқан курсанттарда табылды.

13_08_11

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бізде бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болғай демекпіз.!

13_08_8 13_08_9 13_08_10 13_08_7 13_08_6 13_08_5 13_08_4 13_08_3 13_08_2 13_08_1

 Ерик Акимжанов

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

 

Алмагуль Примкулова

ІІО-да әлеуметтік жұмысты қамсыздандыру

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны