Кәсіби бағыт-бағдар — болашақ қызметтің алғышарты

Кәсіби бағыт-бағдар – мамандықты таңдаудағы маңызды тапсырмалардың бірі. Болашақ мамандықты таңдау барлық білім алуды ғана емес, сонымен қатар осы білімге сәйкес кепілді жұмыс орнын білдіреді.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ведомстволық оқу орны ретінде құқық қорғау қызметі мамандарын даярлау білім берудің тәжірибелік бағытының үстемділімен, жаңа білім беру технологияларын қолданып, ІІО қызметкерлерінің кәсіби талаптарына заманауи талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

Болашақ мамандықты таңдау өмірдің алдында тұрған тапсырмаларын шешуін жоспарлап, қызметтік функцияларын орындаудың жолдарын ойластырады және бағалайды.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсетін талапкерлерде көптеген артықшылықтар бар. Атап айтқанда, олар білім алу барысында жатақханада тұрумен, әскери киім нысанымен, 3 реттік тамақпен, сонымен қатар стипендиямен қамтамасыз етіледі. Білім алуды аяқтау бойынша түлектер жүз пайыздық кепілмен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Кәсіби бағыт-бағдарда аталған артықшылықтарды, оқуға түсу тәртібі мен шарттарын түлектерге толығымен түсіндіру мақсат етіп алынған.

Дұрыс кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Калиярова Р.Б., Меңдіқара аудандық Пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Дощанов Б.Д. және КОФ 4 курс курсанттары Султанханов Ж. және Жунусов Р. бірге Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары және Первомай орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағыт-бағдардағы ісшара өткізілді.

2016 жылғы 9 желтоқсанда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры З.М. Суйеубаева 3 курс курсанты полиция қатарындағы Ж. Танатовамен бірге Қостанай облысының Науырзым ауданында Докучай орта мектебінің және Жамбыл орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын өткізді.

Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, өз ойларымен еркін бөлісті.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушылары

полиция майоры З. Сүйеубаева

полиция капитаны Р.Калиярова

13_05_1 13_05_2 13_05_3 13_05_4 13_05_5 13_05_6 13_05_7