Театрдағы көрініс — ол өмірден алынады

Жақында біздің курсанттарымыз тағы да бір тәрбие мен патриотизмге толы өнердің куәсі болды. Жалпы осындай өнер жиындарына курсанттарымыз жиі барып тұрады. Курсанттар осыған дейін «Мирас» мәдениет үйінде, одан калды Қостанай қаласының  мәдениет сарайларында өтетін іс-шаралардың барлығына қатысып тұрады.  Осындай мәдени іс шаралардың басы – қасында жүретін Академия бастығы полиция полковнигі Қызылов Мирлан Ахмедияұлының үлесі орасан зор. Курсанттарымызға осындай мүмкіндік беріп, өзі бастап барып жүрген   Мирлан Ахмедияұлының талайға үлгі көрсетіп жүргені анық.

13_03_1 13_03_2 13_03_3

Желтоқсан айының оны күні І. Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен қойылым жоғарыда айтылғандарға дәлел  болғандай. Академия курсанттары Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты романына қойылымды тамашалауға барды. Курсанттармен бірге академия бастығы полиция полковнигі Қызылов Мирлан Ахмедияұлы да болды. Романнан қойылым тәрбиелік пен адалдыққа патриоттық рухқа толы болды. Әрине әрбір көріністі толығымен жеткізу әртістерге тәуелді болатыны жасырын емес. Театр  әртістері бұл жағынан өз өнерлерінің майталмандары екенін көрсетті. Сол бір соғыс заманынан кейінгі кезеңді жан-дүниеңмен сезініп, сол жылдарда болғандай шынайы өнердің йесі болдық.

Академия курсанттары қойылымнан бойларына тәрбие мен патриоттық рухты сіңіріп, өнердің сарқылмас мүмкіндіктерін айқындап көргендеріне сенімдіміз. Әсіресе академияға енді үйреніп, бой түзей бастаған 1-ші курс курсанттары үшін бұл тәрбиеге үйретер үлкен өнер кеші болды. Қойылымнан кейін академия бастығы полиция полковнигі Қызылов Мирлан Ахмедияұлы 1-ші курс курсанттарымен қойылым жайлы сөйлесіп, естелікке фотосуретке түсті.

                                                          1-ші курс курсанты Әділдәбеков Д.Б.