Жұлдызың жансын десең «Жұлдызды сәт» сайысына қатыс

Кеше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акті залында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған академия қызметкерлері арасында «Жұлдызды сәт» көркемөнерпаздар сайысы ұйымдастырылды.

06_04_1

Сайысқа 18-ден астам қызметкерлер қатысып, бағын сынады. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Жезтайдай әнші әншілігін, көркемсөз шеберлері мәнерлеп өлең оқудың және мың бұралған бишілер билеудің шеберлігін көрсетіп көпшілікке өз өнерлерін паш етті.

06_04_2

Сахына төріне көтерілген жүргізушілер тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Балым Құрманғалиева мен полиция капитаны Тимур Тулыбаев халықпен амандасып болған соң, сайысқа қазылық жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтті.

06_04_3

Қазылар алқасының төрағасы Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасов, қазылар алқасының мүшелері Академия ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы полковник Татьяна Николаевна Зюбанова және академияның баспасөз хатшысы Мейрам Маратұлы Оспанов болды.

06_04_4

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған көркемөнерпаздар сайысына құрметті қонақ ретінде Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов өз орынбасарлары және көмекшілерімен қатысты. Мұндай мәртебеге ие болған сайыскерлер басшылардың және көрермендердің алдын да барын салып, бақ сынасты.

06_04_5

Сайыстың беташарын жоспарлау және үйлестіру бөлімінің қызметкері Асқар Сырлыбаев Мұқағали Мақатаевтың «шыда» өлеңін нақышына келтіріп, көркемсөз ретінде оқып берді. Одан кейін Әсел Ақылбекова «алтын бесік» әнін орындады. Сахынада осылай барлық жұптасқан және жеке дара ән шырқаған сайыскерлер бірінен-бірі бойларындағы таланттарымен халықты бір серпілтіп тастады.

06_04_7

Осылайша әннің әуеніне баурап отырған көрермендер 5-ші нөмірлі Әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Алиса Есіргепова  «Туған жер» әнін шырқағанда оған балқымаған, көңілдері көтеріңкі шалқымаған адам қалмады десек, артық айтқандық болмас. Киелі сахынаға алғаш шыққан Алиса отансүйгіштік әнімен барлығының құлақ құрышын қандырды. Әнді барынша түсініп, әрбір нотаны өз орнына қойып айта білген әнші Алисаға залда отырған көрермендер тоқтамастан қол соқты. Тіпті әнге беріліп кеткен әнші көзіне жас алып, жүрек сезіміне беріліп кетті.

06_04_8

Алисадан кейін «РОК-Н-РОЛЛ» биімен бірінші курстың старшинасы Азамат Альменов жұртшылықты таң қалдырды. Әрине сахынада тек қана көркемөнерпаздар ғана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде ән айтқан әншілер де болды.

06_04_9

Әдемі ән мен биден кейін халықтың көңілін қос дауыста ән айтқан қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының қос оқытушысы Замзагүл Сүйеубаева мен  Гүльмира Кажикова Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін нақышына келтіріп орындап, бір көтеріп тастады. Әншілердің әнін Абай атамыздың бейнесін сомдаған   кафедраның қызметкерлері әнге әртістік әрі сахналық көрік бергендей болды. Осылай көркемөнерпаздар сайысының соңын  Академиямыздың жас қызметкері  Разия Байдильдина «Астана» әнін шырқаумен аяқтады.

06_04_10

Аздаған үзілістен кейін қазылар алқасы сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін ақылдасу бөлмесіне кетті.

06_04_11

Міне осылай 1 жарым сағатқа созылған сайыстың қорытындысы шығып, қазылар алқасы, Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловпен сахна төріндегі мінберге шығып, жеңімпаздарды жариялады.

06_04_12

Алғаш рет Академия қабырғасында өткізіліп отырған «Жұлдызды сәт» көркемөнерпаздар сайысында бірінші орынға қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының қос оқытушысы Замзагүл Сүйеубаева мен  Гүльмира Кажикова Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен жеңіп алды. Екінші орынға  әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Алиса Есіргепова  «Туған жер» әнімен ие болды. Ал үшінші орынды кадр жұмысы бөлімінің инспекторлары Ләззат Нұралина және Руслан Аужанов «Қара бауыр қасқалдақ» патриоттық әнімен қанжығаларын майлады.

Осылайша иығына погон тағып, елдің тыныштығын сақтап жүрген сақшылар киелі сахнада өнер көрсетіп, халықты әдемі көңіл күйге бөлеп, тағы бір қырларынан танылады білді.

Барлық жеңімпаздарға бірталай әріптестік танытып жүрген Қостанай облыстық «ГрИН» азаматтық алянс қоры демеушілік танытып, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Керемет өткен концерттік бағдарлама өз мәресіне ойлағандай жетті. Оны ұзақ қол соққан халықтың қошеметімен және Академия басшылығының шын ризашылығынан білуге болады.

 

 

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов