Ардагерге алғыс хат

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ардагерлерге арналған ерекше іс-шара болып өтті.  Ардагерлерге арнап біздің акдемия бірінші курс курсанттары алғыс хат жолдады. Бұл іс-шараның маңыздылығымен, жауапкершілігі өте жоғары еді. Бірақ осыған қарамастан 1-ші курс курсанттары өздерінің жүректен шыққан жылы лебіздерін ардагерлерге жеткізе білді деп ойлаймыз. Осы шараны қолға алып, бастау қылған курс бастығының орынбасары полиция капитаны О.Жанузаков  курсанттарға алғыс айтып, ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр тілеп өз қолдарынан хат жазуға мүмкіндік берді.

02_10_1

Ардагерлерге алғыс хат жазу мәртебесі тек бес курсантқа берілді. Олар 1-ші курс курсанттары Д. Абдуллаева, Д. Ахметов, І. Әділ, А. Урумбаев, Д. Әділдәбеков. Курсанттар өздерінің осындай мүмкіндікке ие болғандарына қуанышты екендерін жасыра алмады. Хатты ардагерлерге қараша айының 30-ы күні полиция капитаны О. Жанузаков пен 1-ші курс курсантары Д. Абдуллава мен Д. Әілдебеков Қостанай қаласының Абай даңғылы 16 мекен жайында орналасқан «ҚазПочта»-дан жіберді.

02_10_2

Ардагерлерге арналған бұл хаттар көп ұзамай өздерінің батыр иелерін табады. Күтпеген жерден келген алхыс хат ардагерлерімізді бір қуантып, жас ұрпақтың олардың қандай ерлік жасағандарын ұмытпай мәңгілікке еске сақтайтындарын жеткізетініне кәміл сенімдіміз.

02_10_3

Осыдан ой түйіндейтініміз, болашақта осындай іс-шаралар тоқтамай өз жалғасын табса екен. Ардагерлеріміз жас ұрпақтың оларға деген алғыстары шексіз, олар дегенде кеуделерінде намыс ұялайтынын біліп, тарихтың өшпес беттерінде қалатындарын жеткізу.

                                                                                1-ші курс курсанты Д. Әділдәбеков