«ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесі аталып өтті

Желтоқсан айының 1–күні ҚР ІІМ  Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2–курс курсанттарының ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент күніне» байланысты концерттік іс – шара өткізді.Бұл концертте акадеияның бірқатар офицерлері қонақ болды. Солардың ішінде академия бастығының көмекшісі Айтқулов Қайрат Жаукеновичке құттықтау сөз беріліп, мерекелік іс-шараны керемет ашып берді. Әрі қарай еліміздің мемлекеттік гиміні орындалып, бірқатар курсанттар марапатталды. Концерт Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы деректі бейне роликке ұласып, курсанттар патриоттық ән айтып, тұңғыш президент туралы өлеңдер, деректер, баяндамалар оқыды. Айта кетер жайыт бұл іс-шарада 2-курс домбырашылар құрамы және Елбасымыз Н.Ә Назарбаев жайлы толық мәлімет келтіріп, баяндама оқыған «мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны М.Смағұлов өз үлестерін қосты. 2-курс КТК құрамасы қызықты қойылымдар қойып, көрермендерді жандандыра түсті. Осылай қызықты өрбіген бұл концерт «Атамекен» әнімен аяқталып, курс бастығы А. Кусеубаев өз жүрек жарды тілегімен мерекелік іс-шараны тәмәмдады.

                                                                  2 курс басшылығы

02_03_1 02_03_2 02_03_3