«Жас барыс» республикалық турнирі өтті

2016 жылдың 24-27 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол ауылы «Астана» спорткешенінде Ұлттық қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас барыс» Республикалық турнирі өтті. Қостанай облысы құрама командасында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанты, Арқалық қ. күрес мектебінің түлегі Сабит Жан қатысып күміс медальға иеленді. Сабит Жан өз шеберлігін оқудың бас кезінен жоғыры деңгейде көрсетуде. Келесі жарысы желтоқсан айында Талдықорған қ. Самбо күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының Чемпионатында бақ сынауда. Сабит Жанға бұл жарыста сәттілік тілейміз. Жаттықтырушылары ЖжДД кафедраларының қызметкерлері: аға оқытушылары полиция подполковнигі Б.Өтенов, полиция подполковнигі Р.Таңқыбаев және оқытушы полиция капитаны Е.Кабидуллинов.
02_01_1 02_01_2 02_01_3 02_01_4 02_01_5