«Тәуелсіздіктің тарихы» атты интеллектуалды-танымдық сайысы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы КОФ 1 курс курсанттары арасында  «Тәуелсіздіктің тарихы» атты интеллектуалды-танымдық сайысын өткізді.

            Сайыстың мақсаты: 1. Курсанттардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу; отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

  1. Курсанттардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру.

Ұйымдастыру кезеңі: Курсанттарды 4 топқа бөлу.

1 топ «Фемида»    (Өздерін таңыстыру, ұраның айту.)

2 топ «Сұңқар»

3 топ «Жас дарындар»

4 топ «Жігер»

Интеллектуалды-танымдық сайыс 5 айналымнан құрылды, олар:

I айналым – «Қақпалар»

II айналым – «Сұрақ-жауап»

III айналым – «Сөз жұмбақ»

IV айналым – «Жорға» капитандар сайысы

V айналым – «Қорытынды»

Құрметті әділ қазылар:

  1. Оқыту сапасын мониторингілеу және бағалау (бақылау) бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы.
  2. Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Смагулов Медетбек Кошкинбаевич.

Командалар барлық тапсырмаларды жақсы орындады. Команда мүшелері жоғары нәтиже көрсетті. Олимпиаданы қорытындылай келе, 1 дәрежелі дипломмен «Сұңқар» командасы,  2 дәрежелі дипломмен «Жас дарындар» командасы, 3 дәрежелі дипломмен «Фемида» командасы марапатталды. Ал «Жігер» командасы белсенді қатысқан үшін грамотамен марапатталды.

Мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, еңсесі биік, мәртебесі берік, биіктерден шарықтап асқақтай берсін- Қазақ еліміз!

28_08_1 28_08_2 28_08_3 28_08_4 28_08_5 28_08_6 28_08_7 28_08_8 28_08_9 28_08_10

Ақылбекова Әсел

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы, полиция майоры