Тәжірибелік сабақ тыңдаушылардың тәжірибесін артты

2016 жылғы 26 қарашада ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кәсіби орта білімі бар 2 курс тыңдаушыларымен Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.С. Бухметова ұйымдастыруымен «Криминалистика» пәнінен тәжірибелік сабақ өтті.

Тәжірибелік сабақ барысында бізге тапсырма берілді – Оқиға болған орында тергеу әрекеттерін жүргізуге және криминалистикалық әдістерін қолдануға. Тергеу әрекеттерін өткізу барысында топ құрамынан тергеуші, жеделуәкіл, маман-криминалист, учаскелік полиция инспекторы және куәгерлерден жедел топ құрып, әрбіріміз өзімізге жүктелген міндеттерді атқардық, яғни тәжірибе жүзінде тергеушінің, жедел уәкілдің, криминалист-маманның, учаскелік инспектордың атқаратын қызметін көрсеттік. Осы тәжірибелік сабақ арқасында біз Криминалистикалық әдістемесінің мағынасын, зерттеу пәнін, оның ішінде, қылмысты толық және жан-жақты ашуда, сол сияқты қылмыстың объективті және субъективті жағдайларын зерделеуде үлкен септігін тигізетінін анықтадық. Осыған қоса, біз криминалистикалық әдістерді, тәсілдерді, техникасын іс жүзінде қалай қолдану керек екендігін түсіндік.

Осындай тәжірибелік сабақтар тыңдаушылардың өздерінің интеллектуалды жақтарын көрсете білуге, сондай-ақ іс жүзінде өздерін жан-жақты дамытып, білімін арттыруға көмектеседі. Сондықтан, тәжірибелік сабақтар көрініс нысанында  көбірек өткізілу дұрыс деп есептейміз.

Ұйымдастырылған тәжірибелік сабақта өз мүмкіндіктерімізді көрсетіп, «Криминалистика» пәнінен алған білімдерімізді бекіту үшін, Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы ұжымына, полиция подполковнигі Бухметова Жанар Сайымқызына, алғыс білдіреміз.

28_07_1   28_07_4

                                     СОФ 2 курс тыңдаушысы

                                                                     әділет сержанты Құмар Әлішер

                                            Ақтау қ. ГМ/10-172

                                                            мекемесінің режим және күзет

                                                   бөлімінің бақылаушысы