«Қазақ ұлттық валютасы» атты тұсаукесер өтті

«Ұлы Дала Елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1 курс курсанттарымен «Қазақ ұлттық валютасы» атты тұсаукесер өткізілді.

Бұнда Ұлы Жібек жолы дәуірлеп тұрған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты кезеңдер бойынша қарастыратын «ақша әлеміне» қызықты саяхаттан басталды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта» тақырыбындағы тұсаукесерде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің төрағалығымен шығарылатын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнесі сомдалған жаңа 10.000 теңгелік банкнотты таныстырғаны, сонымен қатар жаңа банкнотта сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тариx жинақталғанын көрсеткен бейнесюжет курсанттарға қатты ұнады. Ондағы галограмма — символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері қатты әсер қалдырды. Ал ынтымақтастық идеясымен бейнеленген Қазақстанның картасы — көпұлтты xалықтардың ортақ үйі ретінде жақсы бейнеленген. Қазақ Елі монументіндегі Самұрық құс кешегі мен бүгінгінің сабақтастығының белгісі болып табылады. Мерейтойлық купюр Президенттің, Ұлт көшбасшысының ел дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейнелеуге бағытталғанын анықтауға болады.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігіне сіңірген еңбегін ескере отырып, аталған купюраны шығару туралы шешім қабылданды. Әлемде ондай тәжірибелер баршылық. «Бұл — жаңа тақырып емес. Нельсон Манделла, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчил және тағы басқа көшбасшылар өз елдерінің қазіргі валютасында бейнеленген»,- дейді. Оның айтуынша, жаңа купюра Президент күні — 1 желтоқсанға қарай шектеулі таралыммен бастырылатыны баяндалды.

 

Қаржымен қамтамасыз ету тобының есепшісі  Г.Жаукенова

28_06_1

 28_06_2 28_06_3 28_06_4 28_06_5 28_06_6 28_06_7 28_06_8 28_06_9 28_06_10 28_06_11 28_06_12 28_06_13 28_06_14 28_06_15 28_06_16 28_06_17