Әскери-патриоттық клубтардың форумы

25_05_1

2016 жылдың 24 қарашасы күні қалалық  «Мирас» мәдениет үйінде «Әскери-патриоттық клубтардың форумы» өтті. Бұл форумға оннан астам әскери-патриоттық клубтар және де олардың жетекшілері белсене қатысты. Осы іс-шараға Академияның 1 курс курсантары жас патриоттардың өнерін тамашалауға барып, үлкен сезімге бөленіп қайтты.

25_05_2

Форумда әскери клубтар өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Атап өтер болсақ патриоттық өлеңдер мен көріністер көрермендер ықыласын жаулап алса, әскери дайынық көріністері ыстық қошеметке ие болды. Сонымен қатар әскери-патриоттық ұйымдардың тыныс-тіршілігімен күн тәртібі, және де бастарынан өткерген қызықты оқиғаларын көрермендер бейне материал арқылы  тамашалады. Осы форумға арнайы көрініспен Облыстық І.Омаров атындағы «Қазақ драма театрының» әртістері,  қазақтың ұлы да батыр хандарын  қайта өмірге әкелгендей болып, отырған көрермендерге бір сәттік тарихымызды көз алдымыздан өткізді. Іс-шараны Облыстық Е.Өмірзақов атындағы  филармония жастары патриоттық хорымен аяқтады.

25_05_3

Форумда 1 курс курсанттары әскери-патриоттық ұйым жетекшілерінен алғыс сөздері мен лебіздерін естіп қайтты. Және форум барысында жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятқаны үшін және де, одан әрі дамуына үлес қосқаны үшін әскери-патриоттық ұйым жетекшілері Қостанай облысы әкімінен «Алғыс хат» мадағымен марапатталып жылы лебізге ие болды.

25_05_4

1 курс курсанты

плиция қатарындағы  Д. Әділдәбеков