Заман талабы – мемлекеттік тілді меңгеру

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты, елімізде 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізін» атап өту үшін 25 шара өткізіліп жатқанын жақсы білеміз. Мәселен, 24 қараша – «Мемлекеттік тіл» күні болып белгіленді. Міне, осыған орай, біздің оқу орнымызда да мемлекеттік тіл күні аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – осы «Заман талабы – мемлекеттік тілді меңгеру» дөңгелек үстелі. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысының ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы Асеман Түгелбаева, Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Жанна Жарасбаева, ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қ.) мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Гүлбану Достоярова, Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметкері Алма Есетова, сонымен қатар академияның кафедралары мен бөліністерінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының бірінші бөлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабындағы мемлекеттік тіл туралы тұжырымдары түсіндірілсе, екінші бөлігінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша  қазақ тілін оқыту мәселелері талқыға салынды. Сондай-ақ, күндізгі оқыту факультетінің 1-курс курсанты Вероника Синалицинаға да сөз беріліп, оның қазақ тілін тез меңгеріп алуға қатысты пікірі тыңдалды.

Дөңгелек үстел соңында, ұсыныстар қорытылып, тіл мамандары өзара пікір алмасты.

Құрманәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл бөлімшесінің

бастығы

25_04_1 25_04_2 25_04_3 25_04_4