«Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет» пәні бойынша олимпиада

Гүлденген еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері адам сенгісіз қалыпқа жеткен деп айтсақ қателеспес едік. Елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттің біртұтастығының баянды болуы жолындағы саясатпен қатар жасампаздықты көздеген нақты қадамдарымыз іскерлікпен қатар бейбітшілік жолында. Жер шары мен ғаламды шарлау арқылы жаңа технологиялық құралдарды қолданумен жаңа жетістіктерге жетуді толыққанды меңгерген Қазақстандық азаматтар әлемдегі көп халықтан көш ілгері. Осындай мызғымас даму жолындағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді сақтап қалу, әрине, құқық қорғау орган қызметкерлерінің де үлесінде. Әлемдік деңгейде іріткі салуды көздеген әр түрлі лаңкестік пиғылдағы ұйымдардың да құрып жатқан торлары еліміздің тыныштығы мен саяси-экономикалық ілгерілеуіне кедергі келтіруге бағытталатындығы сөзсіз. Бүгінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 негіздеріне арналған 25 тақырыптық күндерін атап өтуіне байланысты және осындай лаңкестіктің алдын алу мақсатында 2016 жылғы 23 қараша күні жедел-іздестіру кафедрасының ұжымы «Сақшы-На страже» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет» пәні бойынша күндізгі оқу факультетінің курсанттары арасында олимпиаданың ақтық сыны өтті.

24_02_1

Алқалы тексеру тұрғысында қазылықты жүзеге асырған — 2 курс магистранттары: Әділет майоры Чутабеков Ғабит Зуфаровичке, полиция майоры Турымов Алибек Рапхатовичке, полиция капитаны Асатов Асқар Максутовичке кафедраның ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз.

24_02_2