«Мәңгілік ел» республикалық жастар акциясы

Қарашаның 21 – і күні Қостанай қаласы «Мирас» мәдениет сарайында «Мәңгілік ел» Республикалық жастар акциясы өткізілді. Бұл акцияның негізгі назары «Қазақстан жастары» туралы жазылып келе жатқан кітап болды. Бұл кітап негізінен  сонау киелі Жетісудан бастау алып, бүкіл Қазақстанды айнала шарлап, әр өңірдің жастары жайлы барлық мәліметтерді жинау және оны орталығымыз Астанаға жеткізу болып табылады. Аталмыш кітапқа Қостанайдың жастары туралы, олардың атқарып жатқан еңбектері, жұдырықтай жұмылған бірліктері жайлы жазылғаны анық. Кереметтей бұл кітап өз жалғасын ары қарай Павлодар қаласына ұластырып, іс – шара концерттік қойылыммен өрбіді.

Бұл іс – шараға Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов, Павлодар тарапынан кітапты қабыл алушы мәдениет өкілдері, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы М.А. Қызылов, сондай – ақ  бірқатар қаланың лауазымды адамдары сыйлы қонақтары қатарынан орын алды.

Бұл іс – шараның беделді қонағы, облыс әкімі А. Мұхамбетов баршаны Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, оның ішінде жастарды ерекше атап, мерекелік концертті ашып берді. Концерт ең алдымен аталмыш кітаптың салтанатты түрде кіргізілуімен басталды. Одан күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, дауылпазшы бишілер  би билеп, көпшілікті қуантты, әрі құттықтады. Бұл іс – шараға академия тарапынан қажетті көмектер көрсетілді. Концертке көрермендер қатарынан орын алған 2 – курс курсанттары қатысып, ҚР мемлекеттік гимінін және екінші әнұран атанған  «Атамекен» әні айтылғанда хор іспеттес қосыла керемет шырқалды. Және керемет қолдау көрсетіп, қошеметтерін аямады.

23_03_1 23_03_2