Мақала

22_03_1

Әулиекөл- айналайын, құтты мекен,

Өзіңнен жер асылы өтті ме екен,

Білмеймін жастық шақта сені қиып,

Көліңнен қалай ұшып кеттім екен,- деп жырлаған белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, сатирик-жазушы Ғұмар Ғарифұлының ағымдағы жылдың 22 қараша күні 75 жас мерейтойы қалалық «Мирас» мәдениет сарайында атап өтілді.

Сатирик, татар ұлтының өкілі Ғұмар Ахмет­шиннің Қостанай өңіріне ғана емес, елімізге аты мәлім.

– Сатира жанры қай уақытта да қоғамдағы жат қылықтарды, дамуға кесел болып отырған жайларды сынап-мінейді, оларды болдырмауға тырысады. Қасқырды даланың санитары десек, сатираны қоғамның санитары деу керек, міне осындай мерейтой иесінің «Көзі сынық тебен», «Көзілдіріктің кесірі», «Қолды бол­ған қораз» және «Ұмытшақтық зобалаңы» атты кітаптары жарық көрген. Үн­демей жүріп күлдіріп, бүлінгенді сөз сойы­лы­мен түртіп түзетіп жүретін жазушы жетпістің бесеуіне келсе де әлі шығармашылық тұ­ғырдан таймағаны ширақ сөзі мен жүрісінен көрініп тұр.

22_03_2

22_03_3

Академия курсанттары да алдыңғы буын ағамыз Ғ. Ахметчинның І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері орындаған «Бұл кім», «Ауыздар бар», «Қара сиырын қарқа ұттырып»,  «Ей, баға»,  «Ауруханада» сықақ өлеңдері мен  «Қостанай перзенттері», «Арқаның ару ақ қызы» және т.б   әндерін тыңдап Ғұмар ағамыздың өмір жолына арналған көрмеге куагер болып қайтты.

22_03_4 22_03_5 22_03_6

                                                                  Тәрбие жұмысы бөлімі