Халқына сыйлы ардагер!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио,  телеарналардағы хабарлар, кинолар аталарымыздың ерлігін мақтаныш тұтып бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ата-әжелеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

18_02_1

Сол батыр тұлғаларымыздың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІМ-нің отставкадағы майоры Надырбаев Даанил Айтмуханович. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курс басшылығы мен курсанттары ардагерімізбен жиі хал сұрасып, жағдайын біліп, әрқашан көмек қолдарын созып тұрады.

18_02_4

Ардагер атамыздың сырқаттанып қалғанын естіген Академияның тәрбие бөлімі бастығы полиция полковнигі Балым Хозедиасқызы мен IV курс басшылығы және курсанттары қараша айының 18-і күні ІІД ауруханасында жатқан ардагерімізбен көрісіп, қал – жағдайын біліп қайтты. Тағы да бір айта кететін жайт Даанил Айтмуханович біраз уақыттар аралығында Қостанай милиция мектебінде оқытушы қызметін атқарған.

18_02_3

Курсанттарымыз ардагеріміз бен әңгіме-сыр шертісіп естелікке суретке түсті. Әңгіме соңында атамыз академия ұжымына өзінің ізгі тілегін білдірді. Хал сұрасып келген академия ұжымын көрген ардақты ардагеріміздің  көңілі бір марқайып, қуанып калды.

Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ, яғни біз, бұл азаттықтың қалай келгенін әрине білеміз. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл Тәуелсіздік, менің Отаныма берілген тәңірдің «сыйы» деп ойлаймын. Аналар да, балалар да жыламасын. Ұлаңғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам баласының арман-тілегі. Осындай ардақты ардагерлеріміздің ерең еңбегі деп білемін. Ардагерлеріміз аман болсын! Бейбітшілік жасасын!

 

4 курс бастығының орынбасары

полиция лейтенанты М.О.Кабылдин