Рудный қаласында Академияның «ашық есік» күні өтті

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2017 жылғы талапкерлерге арналған кәсіптік бағдар жұмысы қарқынды жүруде. Академияның көптеген қызметкерлері республика бойынша ҚР ІІМ Ішкі істер  және қылмыстық – атқару жүйесі департаменттерінің атсалысуымен еліміздегі барлық мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар жұмыстарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Міне осындай кәсіптік бағдар жұмысы кеше Қостанай облысына қарасты Рудный қаласының мектеп бітіруші оқушыларына және колледж, техникум студенттеріне арналған «ашық есік күні» іс шарасы ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға Академия басшылығы және курсанттар бастаған бір топ делегаттар  рудныйлықтармен кездесіп, тамаша басқосу ұйымдастырды.

Басқосудың алғы сөзін Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов алып, барша рудныйлықтарға кездесуге келгендеріне  алғысын білдіріп, Академия туралы және Академия есімін иеленіп отырған генерал Шырақбек Қабылбаев туралы кеңінен сөз қозғап, ол кісінің өмір тарихынан және академияның күнделікті тыныс-тіршілігінен сыр шертті.

  • Құрметті талапкерлер және мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен қонақтар. Сіздермен кездесіп, танысып-білісіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгінгі іс-шара Сіздер үшін жасалып отыр. Құрметті талапкерлер, өмірде мамандық таңдаудан еш қатеспеу қажет. Мамандықты дұрыс таңдау — ол Сіздердің болашақтарыңыздың зор кепілі.

Егер біздің академияны таңдасаңыздар, бізде барлығы тегін, барлық шығындар мемлекеттің тарапынан тегін төленеді. Мәселен, оқу, киетін киімдеріңіз, ішетін астарыңыздың барлығы мемлекет қаражатынан төленеді. Тек сіздерге оқуда, спортта және қоғамдық жұмыстарда озат болсаңыздар болды. Ал қалған мәселеге бас ауыртудың қажеті шамалы. Оқуды бітірген соң, құқық қорғау органдарында қызметке тұрып, жұмыс жасауларыңызға мемлекет кепілдік береді.

Біз былтыр кәсіптік бағдар жұмысында республика бойынша 10 мыңнан астам талапкерлерді оқуға түсуге ақпараттандырған болатынбыз. Сол жемісті жұмыстың арқасында жазда оқуға түсу кезінде 700-ден астам талапкер оқуға түсуге ниет білдірген еді. Енді биылғы көрсеткіш одан да көп болады деген сенімдеміз. Бұл дегеніңіз бәсекеге қабілетті елде конкурс арқылы сапалы мамандарды тауып, мемлекетте қызмет істейтін қызметкерлердің саны емес сапасы жағынан ұтымды болатыны сөзсіз -деді, Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы Қызылов.

Ашық есік күніне келген талапкерлер басшыларға және мінберде  отырған курсанттарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды. Тіпті сұхбаббың қызықты болғаны сонша келген қонақтар әзіл-шыны аралас сұрақтар қойып, көңілді күймен отырды.

Бастықтың сұхбатынан кейін, Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі Олжас Сейітжанов орыс тілінде көпшілікті Академияға оқуға қалай түсу керектігі жөнінде ақпараттандырды.

Басшылардың сөздерінен кейін Академияның тарихына арналып түсірілген 30 минуттық қысқа метражды фильм көрсетілді. Одан соң, курсанттардың ұйымдастырған концерттік бағдарламасы ұсынылды және академияның мақтанышына айналған спортшылар спорттық көрнекі көріністер көрсетті.

Барлық іс-шарадан кейін академия басшылығы рудный қаласының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді.

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов,

18_01_1  18_01_9 18_01_8 18_01_7 18_01_6 18_01_5 18_01_4 18_01_3 18_01_2

18_01_10