“Big Band” тобының жеке концерті 17.11.2016 Осы айдың 15-ші жұлдызында атақты «Big Band» тобы Қостанай тұрғындарына арнап «Jazz» жанрында концерт берді. Бұл концерттің қонақтары арасында біздің курсанттар да болды. Бұл тамаша кештің куәгері болған 1-ші курс курсанттары. «Big Band» тобының бұл кеші өте жоғары дәрежеде өтті. Көрермендер де аз болған жоқ. Үлкен залда барлық орындар алынып,ине шаншыр жер болмады. Кеш- жүргізушінің «Big Band» тобының тарихымен,жетістіктерін айтудан басталды. Жетістік демекші бірер күннің алдында тобтың айы оңынан туып, бас қаламыз Астанада халықаралық «Jazz» фестивальында сәтті өнер көрсетіп қайтқан екен. Бұндай марапаттар бұл тоб үшін жиі болатын жағдай. Сәтті өнер көрсетіп жүрген олар,Қостанайдың атын елімізге танытып жүр десек асырып айтқан емес. Тобтың бұл кешінде Қостанайдың белді әншілері «Jazz» жанрында ән шырқап көрермендер көз айымы болды. Кештің осынша жоғарғы деңгейде өтуі ,бұл тобтың өз өнерлерінің майталмандары екенін дәлелдеді. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Big Band» тобы Қостанайға енді келген аяздың бетін қайтарып ,өз әндерімен жылу таратқандай болды. Бұл тоб осы кеште барлығын таңғалдырғаны Жаяу Мұсаның «Ақ сиса,қызыл сиса» күйін «Jazz» жанрында орындауы болды. Осындай тағы көптеген әндер Қостанай халқын тербеп , «Jazz» әлемінде сергітіп тастады. Біздің курсанттарда осындай керемет кештің куәгері болып, өз танғалыстарын жасыра алмады. Барлығыда әр әуенді қызыға тыңдап, ыстық ықыластарын аямады. 1-ші курс курсанттарын осы кешке бастап келген полиция капитаны Жанузаков О.Е курсанттармен кештен соң сөйлесіп,кештің жарқын сәттерін талқыға салды. Курс бастығының орынбасары полиция капитаны Жанұзақов О. Е.