Академия басшылығы халық алдында есеп берді

2016 жылғы 10 қараша күні ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов, Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі Олжас Сейітжанов  және Академияның оқу үздіктері, 4 курс курсанттары Манар Қабай мен Асылбек Көбентаев облыстық баспасөз клубының баспасөз концеренциясына қатысып, облыстық және жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, халық алдында есеп берді.

Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы Академияның өткен тарихы мен қазіргі жасап жатқан жұмыстары жайлы толықтай айтып өтті. Ол сөз сөзін төмендегідей Академияның бірқатар жетістіктеріне тоқталып, баяндамамен бастады;

“- Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу орны болып құрылуының 45 жылдығы — бұл жасампаздықтың, жетістіктердің, шығармашылық ізденістер және әрі қарай дамудың бағыттарын айқындайтын, түйінді мәселелердің қорытындыларын шығаратын және негізгі бағыттар мен дамудың басымдылықтарын анықтайтын кезең болып табылады.

45 жылдық біздің ұжымның ғана емес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық кәсіптік білім беру жүйесі тарихындағы айтулы оқиға. Бұл мерейтой ерекше нышанды болып саналады, себебі осы жылы барша ел болып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Қостанай облысының 80 жылдығын атап өтпек. Біздің жоғары оқу орнының өркендеуі еліміздің және облысымыздың тарихымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына байланысты Академия қабырғасында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы іс-шараның шеңберінде Академия қызметкерлері мен курсанттар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап 25 шақырымды жедел жүгірістен флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ қыркүйек айының 23-24 күндері республикалық деңгейде алыс-жақын шетелдік қонақтардың қатысуымен Академияның 45-жылдық мерейтойы өз деңгейінде аталып өтті.

45 жылдықтың ішінде оқу орны көптеген жетістіктерге жетті. Бүгін Академия – Қазақстанның жетекші ведомстволық жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Қазіргі таңда курсанттар арасындағы мақтанышымыз, академиямыздың түлектерінің арасында алғашқы болып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан 2016 жылдың түлегі — Есенгельдина Нұрсұлу арнайы «лейтенант» шенін алды.

Және де Академияның 7 үздік түлегі Ішкі істер Министрі генерал-полковник Қ.Н.Қасымовтың қолынан арнайы «лейтенант» шенін иеленді.  Бұл әрине түлек үшін, оның ата-анасы үшін, одан қалды оқу ордамыз үшін үлкен жетістік.

Осы жылы алғашқы рет кейінгі курсанттарға үлгі болсын деген қағидамен үздіктер слеті өткізілді.

2015 жылы Академия Полиция Академиясы Халықаралық Ассоциациясының (INTERPA)толық құқықты мүшесі атанды. Ол қазіргі уақытта әлемнің 48 елінің ішінен 58 оқу орнын біріктіреді және ұйымға қатысушы елдердің құқық қорғау органдарына жоғары білікті кадрларды даярлау үшін озық халықаралық тәжірибемен алмасу қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын ірі халықаралық ұйым болып табылады,” —  деді.

Есеп беру арасында Академия бастығы болашақта Академия қабырғасында ой-өрісі биік, парасатты, мәдениетті эстектикалық тұрғыдан тәрбиеленген ІІО-ның болашақ офицерлердің классикалық бейнесін қалыптастыру мақсатында Мәдениет университетін құрылатындығын мақтанышпен айтып өтті.

Академия бастығының баяндасынан кейін, Олжас Теміржанұлы Академиядағы ғылым және оқу жұмыстарының даму барысымен таныстырып, қысқаша айтып өтті. Одан кейін курсанттарда Академия туралы өз ойларын ортаға салып оқуға түсушілерге оң ақпарат берді.

Баспасөз конференциясының соңы журналистердің сұрақ қоюымен  жалғасты.

14_04_1 14_04_2 14_04_3 14_04_4 14_04_5