Ұлы композитор кеші!

2016 жылдың 3 қараша жұлдызында «Мирас»  мәдениет үйінде оқытушыдан академикке дейін жеткен Кеңес Социалистік Республикасының (КСР) халық әртісі, артына өшпес із қалдырған Ахмет Қуанұлы Жұбановтың ән кеші өтті.

Өткізілген бұл іс-шараға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс 106 взвод курсанттары қатысып, мәдени кештің куәгерлері болды.

Бұл кеште А. Жұбановтың көптеген ән-күйлері ойнатылды. Қазақ КСРО-ның ағарту комиссары А. Жұбановтың бала кезі туралы бейнекөрініс көрсетіліп, өмірбаяны туралы мақалалар ұсынылды. Қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазының  «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері ұсынылды.

Ахмет Жұбановтың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кешінен курсанттарымыз өнер жанашары туралы біраз мағлұмат алып үлкен тәрбиелік мәні бар рухани әсер алды деп ойлаймын.

106 оқу  тобының кураторы

Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика

 кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А. Ғалым

08_02_1 08_02_2 08_02_3