Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық процусс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлының ОҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерімен бірге 09.11.16 ж – 10.11.2016 ж аралығында Шымкент қаласы және аудандарда орналасқан жалпы орта мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының басшылығының қолдауымен  үздік, білікті кадрлар қатарын тағы да толықтыру мақсатымен, әр облыстардың білім беретін мекемелерінде оқитын көптеген оқушылармен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.

Жалпы және орта білім беретін мекемелерде кәсіптік бағдар беру жұмысын нығайту мақсаты бойынша Академиямыздың бастығы заң ғылымдарының кандидаты, профессор полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов Академия оқытушыларын және қызметкерлерін қызметтік іс сапарға жіберді. 2016 жылғы қараша айының 07-13 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс жүргізілді.

         Кәсіби бағдарлау жұмысы ОҚО 8-орта мекептеріне жүргізілді. Атап айтқанда:

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы білім бөлімінің «Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектеп» Комуналдық мемлекеттік мекемесінде полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлының ОҚО бойынша ҚАЖД кадр жұмысы бөлімшесінің жеке құрам бойынша инспекторы әділет майоры Аманжолов Рауан Заманханұлы және аталған орта мектебінің А.Байбосынова мен бірлесе отырып кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді.

17_05_1

Кәсіби бағдарлау жұмыстарына Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің 11-сыныптың 50 оқушылары қатысты. Оқушыларға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру және оқуға қабылдану тәртіптері толық түсіндіріліп өтті. Оларға біздің оқу орны жайлы қысқа бейне фильдер мен оқу процестерінің үзінділері көрсетілді. Оқушылардың біздің оқу орнына түсу талпыныстары жоғары деңгейде екені бірден байқалды. Себебі оларға көрсетілген призентацияларда біздің оқу орнында қыздардыңда оқитынын көрген кездерінде келешек мектеп түлектерінің қызығушылықтары көтеріліп сұрақтарын қоя бастады.

17_05_2

ОҚО Шымкент қаласы Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында  ОҚО бойынша ҚАЖД ИЧ-167/10 мекемесінің ӘҚД бойынша аға инспекторы әділет лейтенанты Ж. Бекбаев және мектеп директоры З.А.Асылбековамен кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді.

17_05_3

Аталған мектепте жалпы 10-11 сыныптың 75 оқушыларына қатысты жүргізілді. Орта мектептің академияға түскісі келетін оқушыларының өзіндік маңызды сұрақтарымен ерекшеленді. Олардың маңызды сұрағы бұл оқу орынға түсу барысында қандай пән таңдау керек және олар қандай құжаттарды жинау қажет екендігін сұрады. Олардың сұрағына полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанулының қазіргі таңда осы сұрақтары бойынша өзгерістер күтіліп жатқанын айтып және өзгерістер толық енгенде мектеп директорлары арқылы жеткізілетіні айтылған.

17_05_4

ОҚО Шымкент қаласында орналасқан №12 М.Горький атындағы жалпы орта орыс мектебінде ОҚО бойынша ҚАЖД кадр жұмысы бөлімшесінің жеке құрам бойынша инспекторы әділет майоры Аманжолов Рауан Заманханұлы және мектеп директоры Д.К. Алимбековамен бірге кәсіби бағдарлау жұмыстары 160 оқушыға жүргізілді.

 17_05_5

Аталған мектепте академияға түскісі келетін оқушылардың көбісі орыс тілінде оқитын болғандықтан олардың қызығушылығы өз басына ерекшеленді. Оқушылар академияда Қылмыстық-атқару жүйесіне және психолог мамандар дайындайтынын естігенде сұрақтары көбейді. Яғни олардың психологка оқығысы келетіне және психологтың офицерлік шенін алатын мүмкіндігіне қызығушылықтар танытты.  Оларға кәсіби бағдарлаудың арқасында қандай құжаттар жинау керектігін және психолог мамандарға қатысты пән тандау ерекшеліктері түсіндірілді.

17_05_6

ОҚО ауылдық жерлерінен болашақ жас қызметкерлерді шақыру мақсатында Сарыағаш қаласы мен ауданында орналасқан мектептерде кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

ОҚО Сарыағаш қаласы №141 жалпы орта мектебі мен №4 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 10-11 сыныптың жалпы 160 оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді.

Мектеп оқушылары академияға оқуға тапсырудың сынақтары жайлы сұрақтармен, әсіресе спорттық сынақтар бойынша сұрақтармен ерекшеленді.

17_05_7

Оқушыларға академияға түсу бойынша қыздар мен балдарға арналған спорттық нормативтердің талаптары түсіндірілді. Оқушыларға оқуға түсу барысында олардың спорттық дәрежелері «спорт шеберіне үміткер және спорт шебері» деген бергілі бір спорт дәрежесінен жетістіктері болса, ол олардың оқуға түсу барысында конкурста есепке алынатыны жайлы ақпараттар берілді.

ОҚО Сарыағаш қаласы №10 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернатында  ОҚО бойынша ҚАЖД ИЧ-167/10 мекемесінің ӘҚД бойынша аға инспекторы әділет лейтенанты Ж. Бекбаев және мектеп директоры З.А.Асылбекова және мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жұмақұловпен кәсіби бағдарлау жұмысы 50 оқушыға қатысты жүргізілді.

17_05_8

Аталған мектеп-гимназияда оқушылардың жатып оқитын болғандықтан олардың казармада оқитын ерекшеліктер бойынша сұрақтары туындады. Яғни олардың жататын орындары қай жерде және жоғары курстармен бірге болатындарын қызығушылықтар білдірді. Оқушыларға академияда әр курстың өзіне тиесілі ғимараты, оның ішінде жатаханасы мен оқу аудиториялары бар екені түсіндірілді.

17_05_9

17_05_10

ОҚО Сарыағаш ауданы Ғани Мұратпаев ауылында орналасқан Қ.Сатбаев атындағы №92, Ғ.Мұратбаев атындағы №93 жалпы орта мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстары 155 оқушыға қатысты жүргізіліп өтті.

17_05_12

17_05_11

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы мен аудандарында өткізілген кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу бойынша 810 орта мектеп оқушылары қатысты жүргізіліп өтті.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы

Бұл өткізілген іс шараға  аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр жұмысы бөлімі қызметкерлерінің көрсеткен еңбегі зор. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары 2017 жыл абитуриенттеріне Қостанай академиясына оқуға түсу туралы мағлұматтар айтылды. Студенттер мен оқушылар назарына академия жайлы түсірілген қысқа метражды бейне баяндар көрсетіліп, оқу орнымыз жайлы толықтай таныстырып, еркін пікір алмасты. Кәсіби бағдарламалық жұмыстарын жүргізген Ажар Маратқызының сөзі бойынша:

«Өткізілген бұл іс сапарымыз, алтын уақытымыз текке кетпеді деген үміттемін. Жалпы білім беретін мекемелерде кәсіби бағдарламалық жұмыс нәтижелері мектеп және колледж түлектерінің құқық қорғау саласында дұрыс әрі нәтижелі таңдау жасауының кепілі. Осындай іс-шаралардың арқасында болашақта академиямызда білім алатын курсанттардың саны арта түседі деп ойлаймын».

Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

Полиция капитаны А.М. Ғалым