Ардагерлерін ардақтаған Академия

Бүгін 1 қараша Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу орны болып құрылғанына 45 жыл толып отыр. Осыдан 45 жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1971 жылы 1-ші қараша күні Қостанай облысаралық орта және кіші басшы құрамды даярлайтын мектеп болып құрылып, бүгінгі таңда ел танитын Академия деңгейіне айналып отыр.

Және де бұл күнді былтырдан бері Академия басшылығы бір ауыздан «академияның ардагерлер» күні деп, ресми түрде жария етті. Міне бүгін осы айтулы қос қуанышты Академияның акт залында ардагерлер мен жеке құрам және курсанттардың бас қосқан келелі жиын түрінде атап өтті.

Келелі бас қосуды Академияның бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов барлық жеке және ауыспалы құрамды мерейлі мерейтоймен құттықтап, ардагерлерге ұзақ ғұмыр және аталмыш күннің шығу тарихын және акакдемияның даму тарихын айтып, тілге тиек етті.

  • Құрметті ардагерлер, Сіздерді бүгінгі айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Ардагерлер алқасы бар мекеменің болашағы зор. Өйткені Сіздермен қоян-қолтық жұмыс жасаудың арқасында өткенімізді ұмытпаймыз. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз біздің жас буын курсанттарға және офицерлерге ауадай қажет. Сондықтан бүгін сіздердің бастарыңызды осы себеппен қосып отырмыз, — деді.

Кездесу барысында академияның 45 жылдық мерейтойына арнайы түсірілген 30 минуттық тарихи фильм көрермендер назарына ұсынылды. Фильмді тамашалаған ардагерлер өткенді еске алып, кейбіреулері көздеріне жас алды.

Одан кейін отставкадағы полковник Бисұлу Биғазқызы Академия бастығына барлық ардагерлер атынан көптеген әдеби кітаптар сыйға тарту етті.

Кеш соңы әрбір бөлім, кафедра және қызмет өз ардагерлерімен жеклей кездесулер ұйымдастырып, шағын дастархан жайып, сый-сияпат көрсетіп, естелікке фото суретке түсті.

Ардагерлер Академия басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, ақ алғыстарын жаудырды.

 

Мейрам Оспанов

01_05_1 01_05_10 01_05_9 01_05_8 01_05_7 01_05_6 01_05_5 01_05_4 01_05_3 01_05_2